28 Мамыр 2022
Жаңалықтар

ТҮНГІ КІТАПХАНА ТАҒЫЛЫМДАРЫ ӘДЕБИ-МӘДЕНИ ШАРАСЫ ӨТТІ

ТҮНГІ КІТАПХАНА ТАҒЫЛЫМДАРЫ  ӘДЕБИ-МӘДЕНИ ШАРАСЫ ӨТТІ
  Атырау қаласы №33 Қасым Қайсенов атындағы орта мектебінің  бүлдіршіндері Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ғылыми кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен өткен "Түнгі кітапхана тағылымдары"  атты әдеби-мәдени шарасына қатысты.
  Түнгі қала тағылымдары шарасы,  кітап көрмесін ұйымдастыру,  ақын-жазушылардың өмірін шығармашылығын  насихаттау,  танымал ақын-жазушылармен кездесу сынды бірнеше бөлімдерді қамтыған.
  Шараға Атырау қаласының тұрғындары мен қала қонақтары,  әдебиет саласының ірі өкілдері,  оқушылар мен студенттер белсене атсалысқан. Жастардың кітапқа деген қызығушылығы жанды жадыратады.
   МАД сыныбының оқушылары ақындардың өлеңдерін жатқа оқып,  көркемсөз оқу шеберліктерін көрсетті. Шара соңында оқушыларға естелік сыйлықтар табыс етілсе, әрқашанда игі істің қасынан табылатын Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Бисекешова Гүлдана Жайлыбайқызы  өз атынан бүлдіршіндердің отбасына "БИСЕН ЖӘНЕ БОЛМЫС"  кітабын сыйға тартты.  Оқушыларды дайындаған ұстаздары Сағынаева Бибігүл,  Ғазизова Гүлшара ,  Бисекешова Гүлдана әріптестерімізге жан-жақты тұлға тәрбиелеудегі өлшеусіз істеріңізге мектеп әкімшілігі атынан алғысымызды білдіреміз!