19 Мамыр 2022
Жаңалықтар

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

✅Ғ. Сланов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған “Қаһарман қыз Хиуаз” атты шараға №33 Қасым Қайсенов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, жас маман Мәжит Нұртай Алтайұлы өз сыныбымен танымдық шараға белсене қатысты.
✅Шара барысында “Қанатты қыз” Хиуаз Доспанованың өмірі жайлы деректі фильм көрсетілді

✅ Екінші бөлімде Хиуаз Доспанова туралы кітап көрмесі таныстырылып, арнау өлеңдер оқылды. Оқушыларға үлкен тәлім-тәрбие беретін шара жоғары деңгейде өтті. Кейін кітапхана ішіне экскурсия жасалды. Оқушылар керемет әсерде болғанын жеткізіп, Ғ. Сланов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана ұжымына алғысын білдірді.
✅ Шараның мазмұнды өтуіне белсене атсалысқан әріптесіміз Мәжит Нұртай Алтайұлы  облыстық кітапхананың арнайы Алғыс хатымен марапатталды.