29 Сәу 2021
Материал №33 орта мектебі

Ұстаздар

Туманшиева Қаракөз Тайжанқызы

Оқу ісінің  меңгерушісі жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі

Туманшиева Қаракөз Тайжанқызы 1961 жылы қараша айының 16-шы жұлдызында Атырау обылысы Жылой ауданы Құлсары қалашығында дүниеге келді. 1969-1979жж Сарықамыс орта мектебінде білім алды. Білімі жоғары. 1980-1985 жж  Гурьев педагогикалық институтынан тарих және қосымша советтік право пәні мұғалімі мамандығын алып шықты.Еңбек өтілі – 32 жыл. Пед. Өтілі-28 жыл. №33  жалпы білім беретін орта мектепте 2010-2011 оқу жылынан бастап еңбек етеді.2011-2012 оқу жылында тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,2012 жылдан бастап  оқу-тәрбие ісі менгерушісі болып қызмет атқарып келеді. 

Мурсалимова Жанна Маратовна

1992 – 199 жж Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне түсіп,филология факультетінің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Еңбек өтілі 22 жыл.2008 жылдан бастап  №33орта білім беретін мектепте жұмыс жасайды.2012 жылдан директордың оқу- тәрбие  ісінің орынбасары қызыметін атқарып келеді.