21 Қырқ 2020
Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы

Хаттама №5

 

Жалпы білім  беретін№33Қ.Қайсенов атындағы орта мектептің

2018 жылдың 17 сәуірдегі

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ

Кезектен тыс №5 мәжілісі

 

Қалалық білім бөлімінің 2018 жылдағы 16 сәуірдегі №03-04-01-12/766 санды хатына сәйкес

 

Қалалық білім бөлімі Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы

13 желтоқсандағы №619 «Мемлекеттік орта білім беру

мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау

қағидаларын бекіту туралы»

 

№5 ХАТТАМАСЫ

 

Қатысқандар:12 адам

Кадиркулова Айсұлу Тастановна Қамқоршылық кеңестің  төрайымы

Наукенов М–Қамқоршылық кеңестің  орынбасары

Кулгалиева Айгерім Пазизоллаевна-Кеңес есепшісі

Түсібалиева Мейрамгүл- Кеңес хатшысы

Багитова Назгүл -Кеңес мүшесі

Сапарова Рая -Кеңес мүшесі

Багитов Амантай Лесович -Кеңес мүшесі

Мырзабай Айдана Махсотқызы -Кеңес мүшесі

Зинелгабитов Мади  -Кеңес мүшесі

Кандидаттар: Бапаева Ж.С

Туманшиева Қ.Т

Директордың тәрбие ісінің орынбасары: Тахаева Н.С

 

 

Күн тәртібінде:

 

1.Қалалық білім бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы №619 «Мемлекеттік орта білімберу мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығы негізінде «№33 орта мектеп» директорының бос лауазымдық орнына жарияланған конкурс бойынша кандидаттардың қатынасуымен сайлау  өткізу.

«Нұр Отан» бөлім меңгерушісі-Кадиркулова Айсұлу Тастановна Қамқоршылық кеңестің орынбасары

 

Тыңдалды:

  1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша –«Нұр Отан» бөлім меңгерушісі-Кадиркулова Айсұлу Тастановна- Қамқоршылық кеңестің төрайымы сөз алды.Бүгінгі жиынға Қамқоршылық кеңес орынбасары Наукенов Мақсот мырзаның шұғыл іссапарға кетуіне байланысты өз құзіретін маған жүктеген болатын және бүгінгі қарастырып отырған мәселеге байланысты хатын жазбаша түрде қалдырған.

Құрметті ата –аналар,мәжіліс құрамы бүгінгі жиналысты қалалық білім бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы №619 «Мемлекеттік орта білімберу мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығы негізінде «№33 орта мектеп» директорының бос лауазымдық орнына жарияланған конкурс бойынша кандидаттың қатынасуымен сайлау  өткізгелі отыр. Сайлауға түсіп отырған кандидаттар:

1. Бапаева Жеміс Сабыргалиевна -01 тамыз 1963 жылы туған, білімі жоғары.1985 жылы Гурьев педагогика институтын бітірген, педагогикалық өтілі 11 жыл 8 ай, тәртіптік жазалары жоқ, сотталмаған.

2. Туманшиева Каракөз Тайжановна-16 қараша 1961 жылы туған,білімі жоғары. 1985 жылы Гурьев педагогика институтын бітірген, педагогикалық өтілі -32 жыл, жоғары санатты маман, басқару қызметінде еңбек өтілі 1 жыл, тәртіптік жазалары жоқ, сотталмаған.

Енді осы ұсынылған кандидаттарға өз дауыстарыңызға салып, ұсыныс пікірлеріңізді қалдырсаңыздар.


«Қамқоршылық кеңесінің» мүшесі, бірнеше жыл ата-аналар комитетінің басшылық қызметін атқарған  Багитова Назгүл өз пікірін айтты-
 Менің бұл мектепте қазіргі таңда 3 балам оқып жатыр.Өзім бұл мектепте бірнеше жыл ата-аналар жиналысының төрайымы болғанмын.Мектеп 2006 жыл жұмыс жасап келе жатыр, осы уақыттардың аралығында мектепте тәртіп өте жақсы сақталған.Мектептің ішкі тәртібімен бірге тазалық толықтай сақталған.Барлық жағдайы жасалған. Мектеп директоры өз қызметін барынша адал,адамгершілікпен атқарып отыр. Осындай тәртіптің,тазалықтың ұжымның бірлігі,бала тәртібі осы басшының таза,адал еңбегі деп білемін.Сондықтан мен болашақтада бұл кісінің өз мектеп директоры лауазымдық  міндетін жалғастыруын қолдаймын.


Жылоймұнайгаз қызметкері – Сапарова Рая – Кеңес мүшесі – 
Мен Назгүл апайдың айтқанымен толықтай келісемін. Мектеп директоры Бапаева Жеміс Сабыргалиевна бірнеше жыл мектеп директоры лауазымдық міндетін толықтай атқарып жүрген азаматша.Мектептегі шаруашылық жағдай мен тазалықты айтпағанда балалардың білімі мен мектеп ұжымына барынша мүмкіндіктерді қарастырып жан-жақты кәсіпкерлермен біріккен шаралар мен көмек көрсетіп жүргенін көріп жүрміз. Жалпы мектепте бала сыйымдылығы 432 болса, қазір мектепте 917 бала оқып отыр.Орынның тарлығына қарамастан барлық балаға ортақ білім мен тәрбие беріп,ұжымды бос орынның тарлығына қарамастан барлық балаға ортақ білім мен тәрбие беріп,ұжымды біріктіріп бірлікте ұстап отырған құрметке лайық адам ретінде санай отырып мен өз даусымды өз ұсынысымды Ж.С.Бапаеваның мектеп директоры лауазымдық қызметін жалғастыруын қалаймын.


Зинелгабитов Мади – (жеке кәсіпкер Жұмыскер ықшам ауданында «Нотариус» басшысы -Кеңес мүшесі

Менде өз пікірімді жоғарыда айтылып өткен пікірлерді қолдаймын Ж.С Бапаева өзінің іскерлігімен бүкіл «Сарқамыс мөлтек ауданына танылған құрметті азаматша.Өз жұмысын мектеп директоры ретінде жалғастыруын қолдаймын.


Кулгалиева Айгерім Пазизоллаевна «Қалалық акиматтың бас есепшісі»-кеңес есепшісі.

Бапаева Жеміс Сабырғалиқызы көп көмекті мектептегі әлеуметтік жағдайы төмен балаларға қолдау танытып жүрген ұстаздардың бірі.Ерекше аналық мейірімін танытып қайырымдылық жасап жүргені бәрімізге де аян.Менде бүгінгі сайлауда өз даусымды Ж.С.Бапаеваға бере отырып,алдағы уақытта да өз қызметін адал атқарады деген сенім білдіремін.


Багитов Амантай Лесович –«Кеңес мүшесі»
 өз даусымды Ж.С.Бапаеваға  беремін.


Мырзабай Айдана Махсотқызы –
«Кеңес мүшесі» Жаңадан бері айтылып жатырған пікірлерді қолдай отыра өз даусымды кандидат Бапаева Жеміс Сабыргалиқызына беремін.


Түсібалиева Мейрамгүл- «Кеңес хатшысы»- 
Сөзімді қорытындылай келе мектеп директоры Жеміс Сабыргалиевнаның мектепті басқару қабілеттілігіне байланысты, әр түрлі сыныптан тыс іс-шараларды өткізуде, ұжымды ұйымдастырып, жоғары нәтижелерге ие болғандығын бәрімізге де аян.Болашақтада өзіне жүктелген мектеп директоры лауазымдық міндетін адал атқарады деген сеніммен айта аламын және өз даусымды кандидат Ж.С.Бапаеваға беремін.

 

Қаулы:

  1. Қалалық білім бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы №619 «Мемлекеттік орта білімберу мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығы негізінде «№33 орта мектеп» директорының бос лауазымдық орнына жарияланған конкурс бойынша «Жалпы білім беретін №33Қ.Қайсенов атындағы орта мектептің Қамқоршылық кеңес мүшесінің сайлауға түсіп отырған кандидат Бапаева Жеміс Сабыргалиевнаны мектеп директоры қызметін атқару бір ауыздан қолдансын.

 

Хаттамамен таныстым:

  1. Багитова Назгүл
  2. Сапарова Рая
  3. Багитов Амантай Лесович
  4. Мырзабай Айдана Махсотқызы
  5. Зинелгабитов Мади
  6. Наукенов Мақсот

 

Қамқоршылық кеңестің  төрайымы:                       А.Т.Кадиркулова

Кеңес хатшысы:                                                             Түсібалиева М.